1 қыркүйек – Білім күні

Мектебімізде «1 қыркүйек – Білім күніне» арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Май ауылының əкімі жəне мектептің ардагер ұстаздары қатысып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерге өз тілектерін білдірді. Өтілу жоспары бойынша: 1- сынып бүлдіршіндері мектеп туралы өлеңдерін оқыды. Темірболат Сымбаттың орындауында «Бала тілегі» əні тыңдалды. Салтанатты жиын соңында алғашқы қоңырау соғылып,   1-сынып оқушылары бірінші сабақтарына жіберілді. Барлық сыныптар «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты сынып сағаттарына қатысты.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.