«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық шарасы.

«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық шарасы жалғасуда
Шараның мақсаты: оқушылардың, қызметкерлер мен ата-аналардың назарына агрессивті интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, оқушылардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты интернет қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
Май жалпы орта білім беретін мектебінде 1-11 сыныптарда «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Интернеттегі қауіпсіздендіру», «Қауіпсіз интернет», «Интернет деген не?», «Интернет және біз», «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіздік шаралары» атты сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар интернеттегі қауіпсіздендіру ережелерімен және желідегі әр түрлі блоктармен таныстырылды. Оқушыларға заманға сай интернет жүйесін дұрыс қолдана білу және интернеттің қауіпті екені туралы түсінік берілді.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.