«Қауіпсіз интернет» республикалық шара

«Үй жағдайындағы интернет ресурстарды пайдалану» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы өте мазмұнды өтті. Мектеп психологі ата-аналармен тренинг өткізді, ата-аналар суретте интернеттің жағымсыз жағын қоқысқа лақтырды. Қабырға сурет, буклет, флеш-моб, шығарма сайыстары өте қызықты өтіп, іс-шараның мазмұнын аша түсті.
Интернет – бүкіл әлемдік миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Интернетті дұрыс қолдана білген адамға интернеттің пайдасы зор, себебі интернет – негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралға айналып отыр. Алайда, ғаламтордың жастарымызға пайдасы мен зияны қатар тиюде. Интернет ойындарға тәуелділіктің салдарынан жастардың денсаулығы ғана емес, ойлау, сөйлеу, жазу мәдениеті де төмендеп барады. Интернет ойыны мен жат сайттарға кірмеуге оқушыларымыз бел буды! Ғаламтордан сақ болайық!

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.