Алтын күз

Май жалпы орта білім беретін мектебінде 27 қыркүйекте «Алтын күз» мерекесі өтті. Бұл тек күздің берген әдемі сыйы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өз өнерлерін көрсетуге де мүмкіндік алатын кезі. Оқушылар күз туралы әндер мен тақпақтар оқыды. Би бидеді. «Күз мезгілі» тақырыбына арнайы көкөністер мен жемістерден қолөнер жасады, стенгазета салды. Жалпы мектепішілік мерекеге сынып жетекшілер үлкен жауапкершілікпен қарады. Өткізілген шара əдемі əрі қызықты болды.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.