Адалдық сабағы

5 қараша күні мектебімізде 5-11 сынып оқушылары арасында жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтті. Ұсынылған шараға лектор ретінде Май ауылдық округінің әкімі Дюсенбаева Анар Есенбаевна және ардагер ұстаз Жанакова Нұрбиба Қанжарбековна қатысты. Бұл шараның негізгі мақсаты: өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарды бағалау, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары және оны алдын-алу болды. Оқушылар өз ойларын жеткізіп, адамдық қасиеттерді сақтауға, еліміздің дамуына үлес қосатындарын айтып, қорытындылады.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.